Баршамызға белгілі, биыл қаланың орталығында орналасқан 8 көше жөндеуден өтуде. Олар – Шәкәрім даңғылы, Абай, Қ. Мұхаметқанов, Ж. Шайжүнісов, Б. Момышұлы, М. Дулатов, М. Жұмабаев және Шмид көшелері. Бұл бағытта жергілікті бюджеттен 1 млрд, 250 млн теңге бөлінген болатын. Оның ішінде 200 млн теңге ағымдағы жөндеу жұмыстарына, 949 млн теңге орташа жөндеу жұмыстарына арналды. Ал қалған 104 млн теңгеге Дальняя ауданындағы Зәкәрия Белібаев көшесін күрделі жөндеуден өткізу қарастырылған.
Қазіргі күні М. Жұмабаев көшесіне жүргізілген орташа жөндеу жұмыстары аяқталды, ал М. Дулатов көшесіндегі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Абай және Шмид көшелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін байқау жарияланған. Айта кететін жайт, биыл қаладағы орташа жөндеу жұмыстары үшін жаңа технология қолданылған және асфальтты екі қабаттап төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мамандардың айтуынша, бұл ШҚО-да алғаш рет қолданылып отырған жол жөндеу әдісі.
Сәуірде басталған жол жөндеу жұмыстары күзге дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. Облыс әкімінің тапсырмасымен Семейде орташа жөндеуді қажет ететін тағы 9 көше анықталып, жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп қойған көрінеді. Тек оны жүзеге асыру үшін әлі 758 млн теңге қаржы қажет.
Ә. Айбеков
501 всего, 9