images

Семей. 19.07. “Semeyainasy” – Бүгінде Семей қаласы бойынша  23 885 тұрғын қалалық әкімдікте жер телімін алуға кезекте тұр. Ал Өскемен қаласында бұл көрсеткіш әлдеқайда аз. ШҚО жер қатынастары басқармасының басшысы Виктория Барсукова Өскеменде жер алу үшін

3 452 тұрғынның ғана өтініші қабылданғанын айтады. Оның сөзіне қарағанда,  азаматтардың өтініштерін  қабылдау барысында облыс орталығының бүгінгі хал-ахуалы ескерілген.

– Семейдегі жағдай мүлдем басқаша. Қала аумағынан жер алу үшін  23 885  адам кезекте тұр. Алайда осынша тұрғынның өтініші қабылданғанымен, олардың тең жартысының өтінішін жуық арада қанағаттандыру мүмкін емес. Себебі Семейдің 2009 жылы жасалған  бас жоспарына сәйкес алдағы уақытта тұрғындарға 13 715  ғана бос  жер учаскесі беріледі, – дейді ол.

Семейде жеке тұрғын үй салу үшін жер телімін алуға тұрғындардың өтінішін қабылдау 2007 жылдан бастап жүргізіліп келеді. Биыл кезекте тұрғандардың өтініштері қайта қаралып, іріктелмек. Өйткені осы уақыт аралығында тұрғындардың көбі сарыла күткен жер телімін алу ойынан айнып қалуы немесе басқа қалаға қоныс аударуы бек мүмкін.

-Бұл кезекте тұрғандардың санын аз да болса азайтады деп үміттенеміз. Семей қаласы өтініштерді қабылдау барысында тұрғындарды құр босқа үміттендірмей, қаланың шынайы мүмкіндіктерін  ескеруі керек еді ,- дейді В. Барсукова.

Әли Айбеков

 

 

 

 

 

 434 всего,  6 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *