IMG_2861-14-07-17-05-39

Бүгін «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалында Қоғамдық Кеңестің сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша кезекті отырысы өтті. Отырысқа қала депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.

Отырыста қаладағы №2 Халыққа қызмет көрсету орталығының бөлім басшысы Ардақ Шакенов пен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының орынбасары Юрий Пазына баяндама оқып, аталмыш мекемелердің қызмет көрсету сапасы мен атқарған жұмыстары туралы баяндады.

-Ағымдағы жылдың 6 айы ішінде халыққа қызмет көрсету орталығына 288 347 өтініш келіп түсті. Соның ішінде электрондық өтініштердің саны – 188 347. Бұл көрсетілген қызметтердің 53 пайызын құрап отыр. Қазіргі күні біздің мекемеде бірнеше пилоттық жобалар жұмыс істейді. Мәселен, біздің мекеме қызметкерлері перзентханаларға барып, туу туралы куәлік алу үшін өтініштерді іріктейді. Сондай-ақ сәбиді балабақшаға кезек қою, әлеуметтік жәрдемақы алу мәселелеріне де көмектесеміз, – дейді А. Шакенов. Оның сөзіне сенсек, перзентханадан шыққанда сәбидің барлық құжаттары анасының қолында болады. – Осы 6 ай аралығында 1766 сәбиге туу туралы куәлікті берілді, 1044 анаға бала күтімі үшін жәрдемақы тағайындалды. 55 сәби балабақша кезегіне қойылса, 452 адамның әлеуметтік жәрдемақы алуына көмек көрсетілді.

Осыдан соң баяндама оқыған мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысының орынбасары Юрий Пазына аталмыш мекемеде сыбайлас жемқорлық проблемасының жоқ екенін алға тартып, қаладағы бірқатар мәдениет мекемелері мен кітапханаларда осы тақырып турасында өткізілген дөңгелек үстелдер мен отырыстар барысын баяндады.

Отырысқа қатысқан қоғамдық кеңес мүшелерінің бірі мәдениет және тілдерді дамыту мекемесінің санитарлық талапқа сай еместігін және ондағы қызмет көрсету мен ақпараттардың тек бір тілде жүзеге асатынына сын айтты. Өз кезегінде Ю. Пазына бұл жағдайлардың бұрынғы басшы тұсында орын алғанын, алайда мәдениет және тілдерді дамыту мекемесін басқа орынға көшіру қажеттігін қолдайтынын жеткізді. «Осыған дейін қала әкіміне мәдениет және тілдерді дамыту бөлімін бұрынғы ғимаратына көшіру туралы өтініш жазғанмын. Бұл мекемеде негізінен халыққа коммуналды қызмет көрсететін бөлімшелер орналасқан. Мәдениет бөлімі болғандықтан бізге жан-жақтан келетін қонақтар қарасы көп. Біздің осындай мекемеде жұмыс істейтінімізді көргендер таңданыстарын да жасырмайды», – дейді Ю. Пазына.

Айта кетейік, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық мекемесі ғимаратының ішінде орналасқан.

А. Айбеков

 470 всего,  9 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *