IMG_9880

Бүгін Семейдегі «Дана» сауда үйінің алдында «Жемқорлықсыз болашаққа – бірге!» атты республикалық акция болып өтті. Акция барысында қала тұрғындарына арнайы ақпараттық парақшалар таратылып, пара беру мен пара алуға қатысты қылмыстық және әкімшілік жаза туралы түсіндірілді.

Акция барысында түсінгеніміз, сыбайлас жемқорлық туралы жаңа заңға сәйкес, пара беру мен пара алудың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі өзгерген көрінеді. Мәселен, сыйлық немесе 2 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) кем мөлшерде ақшалай сыйақы беру әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады және ол адамға 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Биылғы жыл бойынша 1 АЕК-тің мөлшері – 2269 теңге. Демек сыйлық немесе 2 АЕК-ден кем мөлшерде ақшалай сыйақы берген адам әкімшілік құқық бұзған болып есептелінеді және 453 800 теңге мөлшерінде айыппұл төлеуі тиіс. Ал пара берген тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалса, тұлға 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылады немесе одан 2000 АЕК мөлшерінде айыппұл өндіріледі. Бұл айтылғандардың барлығы пара беруші адамға қатысты.

– Сыбайлас жемқорлық мәселесіне келгенде, әңгіменің бір ұшы қарапайым халыққа келіп тіреледі. Себебі көп жағдайда параны беретін қарапайым халық. Заңға енгізілген жаңа өзгерістерге байланысты, енді қоғамдағы барлық тұлғалар, лауазымы мен мансабына қарамастан, сыбайлас жемқорлыққа қатысқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке теңдей тартылады, – дейді ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің бас маманы Р.Қажыбекова.

Айта кетейік, ҚР Қылмыстық кодексіне сай пара алған адамның мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 716 всего,  6 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *