Без названия (10)

21-25 шілде күні Астанада Шығыс Қазақстан облысының мәдениет күндері өтпек. Оған Семейден Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалы драма театры, Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармония және Айша бибі фольклорлық ансамблі, Өскемен қаласынан «Ертіс концерт» мәдениет үйінің өнерпаздары қатысады.

21 шілде күні басталатын мәдени шарада Ф. М. Достоевский атындағы орыс драма театрының әртістері Э. Портердің «Полианна» спектаклін сахналаса, сол күні Ә. Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияның өнерпаздары Астананың орталық алаңында концерт қоймақ. Ал Айша бибі фольклорлық ансамблінің мүшелері шараның үшінші күні «Қазанат» ипподромында өтіп жатқан «Этноауыл» ұлттық мәдениет көрмесіне қатысып, өз қолөнер бұйымдарын «ЭСКПО-2017» көрмесін тамашалаушы мыңдаған адамның назарына ұсынатын болады. Айта кетейік, 9 адамнан құралған Айша бибі фольклорлық ансамблі елімізге ғана емес, алыс-жақын шетелдерге де азды-көпті танымал.

Астанадағы Шығыс Қазақстан облысының мәдениет күндерінің жабылу салтанаты 25 шілде күні «Амфитеатрда» өтеді. Облыс өнерпаздары елорда тұрғындары үшін «Алтын-Алтай» деп аталатын гала-концерт қояды, сондай-ақ сол кеште Шығыс Қазақстан облысының археологиялық және фотосуреттер көрмесі ұйымдастырылмақ.

 506 всего,  6 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *