Семейліктер қыркүйек айында қала күнін атап өтеді. Əдеттігдей бұл күні қалалық мəдениет бөлімінің қолдауымен көптеген іс- шаралар ұйымдастырылады. Қала əкімі Ермак Сəлімов біздің тілшілерге берген арнайы сұхбатында қала тұрғындары үшін бұл күндегі ең айтулы шара – отшашу болатын айтып өтті.
Мейрам соңы Семейдің 300 жылдық мерейтойына дайындық жұмыстарына ұласпақ. Ерке Ертістің жағасында орналасқан əсем қаламыз – Семейге биыл 300 жыл.Зиялы қауым өкілдері арасында бұл тақырып турасында біраз дау-дамайдың өрбігені де рас. Бəзбіреулер қала тарихының тым тереңде екенін айтады. Кейбір деректер Семейдің1000 жылдық тарихы бар десе, кейбірі көне шаһардың 3000 жылға жуық тарихы бар деседі.
-Бұл тақырып турасындағы ақиқаты айту – ғалымдардың міндеті. Егер Семейдің негізі бір ғасыр бұрын қаланғаны дəлелденсе, қаланың 1000 жылдығын атап өтеміз. Олай болмаса қаланың 300 жылдығын тойлаймыз. Мерейтойға дайындық əлдеқашан басталып кеткен. Мерекенің өз деңгейінде өтуін арнайы тағайындалған қоғам қайраткерлері, депутаттар, зиялы қауым өкілдері жəне мəдениет қызметкерлері қадағалайтын болады,- деді Е. Сəлімов.-Осы айтулы мерейтой қарсаңында қала келбетін жақсарту үшін көп күш салып жатырмыз. Қаланың орталық жолдары жөндеуден өтті, жағалауға, Əуезов алаңына қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қарағайлы ықшам ауданында жедел қарқынмен көп қабатты тұрғын үйлердің салынып жатқаны да баршаға аян. Осының барлығы – мерейтой алдындағы дайындық жұмыстары. Тағы да қайталап айтамын, мерейтойға қатысты даулы сұрақты зиялы қауым шешеді, ал біз тек мерейтойдың өз деңгейінде аталып өтуіне жауаптымыз.

Ауд. Ш.Солтангазина
455 всего, 3