k2.items.cache.ed6ae92a195a6860dc5ed3ab30282f98_Lnsp_323

Биыл жаһан жұртшылығы көз тіккен «ЭКСПО-2017» көрмесінің қазақ даласында өтіп жатқаны баршамызға белгілі.  Тәуелсіздігіміздің 25 жылында дүниежүзілік «ЭКСПО-2017» көрмесі тарихымыздан ойып тұрып орын алатын шара. Болашақтың энергиясы «жасыл энергетиканың» дамуына қаншалықты жобалар әзірленіп, іске асырылмақ. Әлем көз тіккен көрмеге дүниежүзінің түкпір – түкпірінен қонақтар күн сайын келуде. Еліміздің Шығысынан «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысушыларына арналған мәдени іс-шараларға концерттік бағдарламамен өнерлілеріміз Астанаға жол тартты. Қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз етіп жүрген әскерилерімізге «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери оркестрінің жеке құрамы өз өнерін ортаға салды. Екі жарым сағатқа ұласқан концертте 30-ға жуық  өнерпаздарымыз сахнада өнерлерін көрсетті. Үшінші сыныпты сержант Сабит Мұқановтың орындауындағы «Шығыс – Восток» әні концерттің шымылдығын ашты. Күміс көмей әншілер мен мың бұралған бишілеріміз, сонымен қоса фольклорлық ансамбль көрермендерге шат көңіл сыйлады. Концерке қатысушыларға Құрлық әскерлері басқолбасшысының және жиын бастығының тарапынан алғыс хат ұсынылды.

 531 всего,  6 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *