Қазақстандық токамак Астана қаласында өтетін ЕХРО – 2017 көрмесінің басты нысанына айналмақ. Болашақтың энергиясы саналатын қондырғы 9 маусым күні іске қосылады.
Айта кетсек, токамак термоядролық және ядролық реактор мен технологияларды сынақтан өткізуші алғашқы қондырғы болып табылады.
– Токамак – магнитті катушкалар орнатылған тероидальді камера. Оның ішіне плазма орналастырып, 5 секунд аралығында температура бірнеше миллиондаған градуска дейін өседі. 9 маусым күні Елбасымен болатын телекөпір барысында біз алғаш рет тәжірибе жасап, бірінші плазманы қондырғы арқылы өткіземіз, – деді Ұлттық ядролық орталық филиалының бөлім басшысы Ерболат Қоянбаев.
Токамактың жобасы толықтай ЕХРО көрмесінің талаптарына сай келеді. Болашақта экологиялық энергияның көзіне айналатын қондырғы атмосфераға бөлінетін көмірқышқыл газының көлемін азайтып, ауаның ластануынан болатын табиғи апаттардың алдын алуда септігін тигізбек.
539 всего, 12