я

Еліміздң қоршаған ортаны қорғау бағытында, республикада экологиялық тұрақтылық пен экологиялық жағдайларды жақсарту мақсатында  құрылған  «Жасыл ел»  бағдарламасына биыл 13 жыл толып отыр.

Семейде «Жасыл Ел» бағдарламасының кезекті еңбек маусымының ашылуына орай мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар және қала жастар ұйымдары арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты «Жасыл Ел» жұмыспен қамту бағдарламасын жастар арасында насихаттау, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың спортқа деген ынтасын жоғарылату.

Жарысқа жалпы саны 15 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады. Сайыс қорытындысы бойынша 1 орынды «Нұр Отан» партиясы Семей филиалы командасы, 2 орынды «Жайдарман» командасы және 3 орынды  «Шығыс Қазақстан технологиялық колледжінің студенттері иеленді.

Барлық жеңімпаздар мен қатысушылар бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттармен марапатталды.

Семей қалалық студенттік құрылыс еңбек жасақтары штабының баспасөз қызметі

 

 

 1,001 всего,  9 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *