DSCN8873-1024x768

“Semeyainasy” 15.05. – Сенбі күні Семей қ.ІІБ ғимаратының алды әдеттегідей емес, балалардың сыңғырлы күлкісіне толы болды. Себебі, Қазақстан полициясының 25 жылдық мерейтойына байланысты өткізіліп жатқан іс-шаралар аясында және 1 мамыр балаларды қорғау күніне орай қалалық ІІБ сапында еңбек ететін полиция қызметкерлерінің балалары арасында «Полиция бала көзімен» атты асфалтьқа сурет салудан конкурс өткізілді. Оған 21 отбасынан отыздан аса бала қатысты.

Осы шараның ашылу салтанатында құттықтау сөз Семей қ.ІІБ КЖБ бастығы полиция майоры А. Слямовқа берілді. «Қымбатты балалар! Сендер ата-аналарыңмен мақтануларың керек. Олардың атқарып жатқан жұмыстары ауыр, өйткені сендердің ата-аналарың жауапкершілігі мол Отанды қорғау сақшылары. Уақыттарының 80 пайызын жұмыс орындарында өткізгендіктен, кей-кездерде отбасыларына уақыт жетпей жатады, сондықтан қолдау көрсетіп, түсінікпен қарағандарыңыз үшін сіздерге алғыс білдіреміз. Сіздерге қуаныш сыйлау үшін, әрі Қазақстан полициясына 25 жыл толуына байланысты және 1 мамыр балалар күніне орай бүгін «Полиция бала көзімен» атты асфальтқа сурет салу сайысын ұйымдастырып, өткізіп жатырмыз.

Расында да уақытпен санаспай күні-түні қызметте болатын осы шараға өздерінің «бауыр ет балаларымен» бірге келген полиция қызметкерлері «Алты жасар бала атқа шапса, үйдегі анасы тақымын қысады» демекші бірге жанкүйер болып, балалары салған суретті тамашалап, ақылдарын айтып, әбігер болды. Әп-сәтте асфальт үсті қызылды-жасылды полиция машинасы, полиция қызметкерінің пагоны, Қазақстан полициясының төл мерекесі кұтты болсын – деген тақырыпта суреттерге толып шыға келді, суреттер бірінен-бірі өтеді. Осыны ескерген шараны ұйымдастырушылар конкурсқа қатысқан барлық балаларды бөліп-жармай жеңімпаз деп танып, бағалы сыйлықтар (доп, кепка, сурет альбомы, түрлі-түсті бояу қарындаштар) табыстады.

Бұдан кейін жарысқа қатысушы полиция қызметкерлерінің балалары сөз алды. «Менің анам Гүлнар 20 жылдан аса полицияда қызмет атқарады және ол басқа полиция қызметкерлері сияқты  бейбіт өмірді қорғайды. Біз, барлық балалар Сіздерге рахмет айтамыз! Мен барлық полиция қызметкерлерін Қазақстан полициясының 25 жылдығымен құттықтай отырып, денсаулық, бақыт және жұмыстарына табыс тілеймін, осы іс-шараны ұйымдастырып жатқан ІІБ қызметкерлеріне алғыс айтамын»,- деді осы жарысқа қатысып, мазмұнды салынған суретімен ерекшеленген ЖКБ қызметкері полиция старшинасы Гүлнар Бикбаеваның қызы.

Шараға қатысушылардың барлығы көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Осындай конкурстар алда ұдайы өткізіліп тұратын болады.

 709 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *