ЦЯМ-4-1024x576

Семейдегі радиологиялық орталықтың радиоизотопты диагностика және терапия бөлімшесі әлі күнге іске қосылмай тұр. Басты себеп – бекітілген жобаға сәйкес сұйық радиоактивті қалдықтарды жинақтайтын жүйенің орнатылмауында. Екі жылға созылған сот отырыстарында арнайы комиссиялардың «құрылғыны ауыстыру керек» деген шешімдері қолдау таппай келеді.

Бұл мәселені тағы бір зерттеп, шешу жолдары бойынша нақты ұсыныс беру үшін Семей қаласына денсаулық сақтау вице-министрі Алесей Цой бастаған арнайы комиссия келіп, жұмыс істеуде. Оның құрамында Атомдық және энергетикалық
қадағалау мен бақылау комитетінің, Ұлттық ядролық орталықтың, Ядролық қауіпсіздік және экология институтының, атом өнеркәсібіндегі алдыңғы қатарлы кәсіпорын Үлбі металлургиялық зауытының басшылары мен өкілдері бар.

– Біз мұндай комиссияның құрамында 2015 жылы келіп, сол кезде бас мердігер мен мердігердің өз міндеттерін орындамағандығын анықтағанбыз. Сұйық радиоактивті қалдықтарды жинақтау жүйесінде радияциалық қауіпсіздік талаптары сақталмаған. Біз құрылғыны алып тастау немесе осы күйінде іске қосу туралы шешім қабылдауымыз керек. Бірақ қазірдің өзінде оның қауіпсіздік талаптарына сай еместігін көріп отырмыз, – деді Алексей Цой.

Жалпы, Радиологиялық орталықтың құрылысын, орнатылған құрылғыларды көптеген комиссиялар тексерген. Тіпті Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің (МАГАТЭ) өкілдері бар халықаралық комиссия да айналысқан. Барлығының шешімі – орнатылған сұйық радиоактивті қалдықтарды жинақтау жүйесін ауыстыру болатын. Дегенмен мұндай шешім сот отырыстарында қолдау таппай, медициналық орталықтың құрылысы әлі күнге созылып келеді.

Семейдегі радиологиялық орталықтың радиоизотопты диагностика и терапия бөлімшесі іске қосылса, мұнда жыл сайын обыр ауруына шалдыққан 600 адам емделіп, 3 мыңнан астам адам тексеруден өте алады.

 406 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *