2c2b722e9a620d049b3bbefb487

«Ауыл шаруашылығына қаржылай көмек көрсету қорының» Шығыс Қазақстандағы филиалында көп жылдан бері жасалып келген ауқымды ұрлық әрекеттеріне қатысты дауға нүкте қойылмақ.

ҚР Парлманті Мәжілісінде «ҚазАгро» Ұлттық Холдингісіне еншілес компаниялардың бірі – «Ауыл шаруашылығына қаржылай көмек көрсету қоры» АҚ болған қаржылық заң бұзушылықтар жөнінде ақпарат айтылды.

«2015 жылы қордың Шығыс Қазақстан облысындағы филиалында бірқатар несиелердің алаяқтық жолмен алынғандығы анықталған. Анықталған фактілер бойынша құқық қорғау органдарына жалпы сомасы 132,5 млн теңгені құраған несеиелердің заңсыз алынғандығы жөнінде материалдар жөнелтілді. Сонымен қатар жалпы сомасы 101,8 млн теңгені құраған 22 несие бойынша қылмыстық іс қозғалыпты. 30,7 млн теңге берілген 8 несиенің іс қағаздары құқық қорғау органдарына қайта қарауға жіберілді –деп хабарлайды «ҚазАгро» холдингісінің қоғамдық байланыс департаментінің директоры Ринат Тасболатов.

Істің мән-жәйі әлі де анықталу үстінде. Биыл ШҚО прокуратурасы «Ауыл шаруашылығына қаржылай көмек көрсету қорыннан» 1 млрд.аса қаражат жымқырған қылмыстық топ мүшелеріне қатысты із кесу амалдарын бастады.
Қылмыстық топты «Ауыл шаруашылығына қаржылай көмек көрсету қорының» ШҚО филалындағы бір қызметкер құрған. Олар бірнеше жыл қатарынан облыс тұрғындарының атына жалған несие рәсімдеумен шұғылданған. Қылмыстық топ мүшелерінің әрқайсысының атқаратын өз міндеті болған. Біреулері несие алушыларды іздейтін болса, енді біреулері несиені рәсімдейтін болған. Енді бірі қаражатты шешіп алумен шұғылданған.
«Тексеруші органдарды ізден жаңылдыру үшін қылмыстық топ мүшелері мысалы Абай ауданында бизнесті дамытуға байланысты берілетін несиені Жарма ауданы тұрғынының атына жазған. Осының салдарынан несиені қайтару қиындаған. Өйткені, қағазда тіркелген несие алушылар табылмайды. Болжам бойынша аттарына жалған несие жазылған зардап шегушілердің саны 700 –ден аса адам болуы мүмкін» -деп мәлімдеді ШҚО прокуратура қызметкерлері .

Жақында қылмыстық топта болған бірнеше адамға қатысты сот отырысы өтті. Алаяқтық жасағандары үшін олардың барлығы әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

 869 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *