Семей. 16.07. “Semeyainasy” – Биылғы жылы мұсылмандардың негізгі мерекелерінің бірі Құрбан айт 20 шілдеге келеді. Семей аймағының бас имамы Асқар Әбітайұлы онлайн-брифингте қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып Құрбан айтты өткізудің ерекшеліктерін түсіндірді.

  • Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты, биылғы жылы Құрбан айт біздің аймақта онлайн форматта өтеді. Аймақ бойынша онлайн құрбандық шалудың орташа құны 1-2 жасар қой үшін – 65 мың теңге, ешкі – 50 мың теңге, 3-4 жасар ірі қара мал – 400 мың теңге. Еске сала кетейін, мұқтаж жандар құрбандық етіне өтінім бере алады, бірақ сонымен бірге бір отбасы бір ғана өтінім беруі керек. Егер, мысалы, бір отбасынан бірнеше өтінім түссе, онда осындай өтінімдер алынып тасталады. Бір отбасы – бір өтінім. Сондай-ақ, қазіргі жағдайда біз отбасыларымыздың және жақындарымыздың қауіпсіздігі мен денсаулығы бірінші жолға қоюымыз керек, сондықтан мерекелік шараларды отбасында өткізу қажет. Барлық байланыстарды азайтып, бұқаралық шараларды ұйымдастырмай және адам көп жиналатын жерлерге бармау керек, – деді бас имам.

Биылғы жылы онлайн құрбандық шалу рәсімін жасауға мүмкіндік бар. Ол үшін qurban2021.kz сайтына кіріп, құрбандық шалу қызметіне немесе құрбандыққа шалынған етті алуға (мұқтаж адамдар үшін) өтінім беруге болады.  Көрсетілген бағаға малдың өзіндік құны және құрбандық шалу қызметі кіреді. Құрбандық етін мұқтаж жандарға жеткізуді мешіт имамдары пен еріктілер тегін жүзеге асырады.

Құрбан айт мерекесін ұйымдастыру және өткізу жоспары бойынша, Семейде тірі малды сату Семей қаласында Алматы тас жолының 3 шақырымында орналасқан «Жоламан» және Промузел көшесі, 2 мекенжайындағы «Северный» сауда-логистикалық орталықтарында жүзеге асырылады. Мал союға арналған арнайы орындар бөлінген, олар – Алматы тас жолының 3 шақырымындағы «Семей Вет» ЖШС мал сою пункті және Космонавттар көшесі, 1 мекенжайындағы «Ақшың» ЖШС мал сою пункті.

Semeyainasy.media

 1,402 всего,  12 

от Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *