Семей.09.10. “Semeyainasy” – Семейдің облыстық өлкетану музейінде «Киелі Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері «Қазақстанның қасиетті географиясы» атты жоба барысында қаламыздың жұртшылығымен, зиялы қауымымен кездесу өткізді.
Облыстық комиссия құрамына өлкетанушылар басқармасының қызметкерлері, мәдениет, қоғам қайраткерлері, зерттеушілер кіруі тиіс болған, алайда, «Киелі Қазақстан» орталығы атап айтқандай қызметкерлер бұл құрамға кірмеген.
Еліміздің киелі жерлері бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың ең бастысы қоғамның рухани жаңғыруына үлкен ықпал ететіндігін және бұл бастаманың ғылыми маңызы терең екендігі бәрімізге мәлім.
Астана қаласынан келіп отырған «Киелі Қазақстан» ғылыми- зерттеу қызметкерлерінің айтуынша Шығыс Қазақстан облысынан қазірге кезге дейін 11 жер киелі деп жұмыс тобынан ұсынылған. Не себепті мамыр айынан бастау алған жобаға тарихи қаладан мұншалықты аз киелі жер ұсынылған деген сұраққа қала жұршылығы хабардар екендігін жеткізді. Елеулі мәселеге арналған дөңгелек үстел барысында ендігі қала белсенділері шаһарымыздың киелі жерлерін ат салыса зерттеп, арнайы талапқа сай ұсынатындарын айтып, ғылыми- зерттеу қызметкерлері 1 аптадай уақыт берді.
Асель Қайырбекова
497 всего, 12