Семей.26.10.”Semey Ainasy” – Қазақстан Республикасы күні Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесінің №21 мекемесінің қызметкерлері, сондай-ақ мекеменің ардагерлер кеңесінің мүшелері мекеменің мәжіліс залында шақыртылды Онда офицерлер мен сержанттарға қиын, бірақ абыройлы қызметтегі табыстары үшін, құрмет грамоталарымен марапатталуға, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қылмыстық-атқару жүйесінің және мекеме басшысының алғыс хаттары, грамоталар мен төсбелгісі марапатталды.
Марапатталғандар қатарында бақылаушылар қызметі бөлімінің бақылаушысы, әділет старшинасы Серік Ақшоқаев «Қылмыстық-атқару жүесінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды. 2005 жылдан бері ішкі істер органында, сержант шенінде 18 жылдан астам қызмет етіп келеді.Оның қызметтік міндеттеріне бақылау және қадағалау, сотталғандардың жаңа қылмыстар жасауының алдын алу және болдырмау мақсатында олардың мінез-құлқын тұрақты бақылау, олардың ішкі тәртіп ережелерін сақтауы, тұрғын үй-жайларды тексеру, отрядтар, шаруашылық-тұрмыстық бөлмелер және т.б. кіреді.
Серік Ақшоқаевтың айтуынша, төсбелгіні иелену ол үшін үлкен мәртебе. Қызметімді одан әрі үлгілі орындау үшін тамаша ынталандыру болады.
Іс-шара естелік суретке түсумен және қызмет туралы естеліктермен аяқталды.
1,112 всего, 15