Семей.03.10.”Semey Ainasy” – Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің қызметкерлері тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша «Семей қаласының орталықтарылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұжымымен кездесті. Кездесу барысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасы түсіндірілді.Ұжымға мемлекеттік органның жұмысы таныстырылып e-tutynushy, ақпараттық жүйесі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
E-tutynushy бірыңғай ақпараттық жүйесі тұтынушылардың өтініштерін қабылдау және қарастыру процесін автоматтандыруға, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің барлық деңгейлерінде оларды жүйеге келтіруге және есепке алуға арналған.
612 всего, 12