Семей.23.02.”Semeyainasy” – Ақпан айының 22 ші жұлдызында Шәкәрім университеті ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен жазушы-драматург, әдебиеттанушы, аудармашы, Халықаралық Шабыт фестивальінің Гран-При иегері, Оралхан Бөкей атындағы сыйлықтың лауреаты, “Бейуақыт”, “Көктемдегі көлеңке” кітаптарының авторы, Абай музейінің аға ғылыми қызметкері, Шәкәрім университеті қазақ әдебиеті және журналистика кафедрасының оқытушысы Қиықбай Қуат Қазезұлымен “Тәмсіл әңгімелер тарихы” атты кездесу өткізілді.

Кездесуге филология факультетінің студенттері қатысып Қуат Қиықбайды жаңа қырынан тануға мүмкіндік алды. Сыр-сұхбат форматында өткізілген басқосуда студенттер өздерін қызықтырған сұрағын қойып, күмбірлеген күй аясында жазушының шығармашылық жайындағы ойларына қанықты.

Қуат Қазезұлы сұхбатқа белсене қатысып, алғырлық танытқан студенттерге өзінің жеке кітапханасынан арнайы әкелген кітаптарды тарту етті.

Сонымен қатар, “Кітапханаға кітап сыйла” акциясы аясында ғылыми кітапхана қорына танымал ақындар мен жазушылардың жыр жинақтары мен әңгімелер топтамасын тапсырды.

Шарамызға уақыт бөліп қатысқан Қиықбай Қуат Қазезұлына шығармашылық табыс, қажымас қайрат тілейміз!

Ақпейіл ТӨЛЕШ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы
университетінің І курс студенті

 1,354 всего,  12 

от Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *