Семей. 28.04. “Semeyainasy” – Семей кенттерін 2025 жылға дейін дамытуға 4 миллиард 800 миллион теңге қаржы қарастырылған.
Кенттердегі нақты атқарылатын жұмыстарға келсек, ағымдағы жылы Красный Кордон және Общество слепых ауданына 175 миллион теңге бөлінеді. Жарықтандыру 6 көшеде: Городская, 3-өткел, 5-өткел, 8-өткел, Грязнов, Кордонная көшелерінде орнатылады.
Тұқтыбаев көшесінде Мичурин көшесінен «648-километр» көшесіне дейін орташа жөндеу жоспарланған. Жаңатайұлы көшесінде Бегалин көшесінен №25 орта мектепке дейінгі аралықтағы грейдерлеу жүргізіледі. Өз кезегінде №25 мектепте жөндеу жұмыстары жүргізіліп, физика кабинетіне арналған жабдықтар сатып алынатын болады.
Су құбырларын салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленетін болады. Оларды іске асыру 2023 жылға жоспарланған.
Абаттандыру бойынша биыл 38,3 мың.теңге сомасына балалар, спорт, футбол алаңын орнату жоспарланған. Қазір мемлекеттік сатып алуды жариялау үшін конкурстық құжаттар дайындалуда.
Биылғы жылы Северный кенті мен Сроства, Энергетик аудандарында жобаларды жүзеге асыруға 68,4 млн теңге қаржы бөлінбек.
Северный және Энергетик аудандарында балалар алаңын орнату жоспарланған.
2021 жылы Энергетик шағынауданында негізгі жолды жарықтандыру бойынша жұмыстар орындалды. Биыл бұл ауданда тағы бір жол жарықтандырылады. Ал 2023 жылға Крайняя көшесіне жарық орнату жоспарланған.
Суды ағызуға арналған дренаждық және жаңбыр кәрізін орнатудың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде.
Сроства ауданында 2021 жылы Қабылбаев көшесі жарықтандырылды (Пархоменко көшесінен Қаржаубайұлы көшесіне дейін).
Ағымдағы жылы Паравозная көшесін (Қаржаубайұлы көшесінен мен Жаңатайұлы көшесіне дейінгі аралықтағы) жарықтандыруды жаңғырту жұмыстары аяқталды, ұзындығы 500 м.
2023 жылға Байсалықов және Сроственнская көшелерін жарықтандыру жоспарлануда.
Березовский және Ақсай кенттерін абаттандыруға 456 миллион теңге бөлу жоспарлануда. Березовскийде су құбыры желілері салынады.
Пржевальский көшесінде (Белібаев көшесінен Гастелло көшесіне дейін), Гастелло көшесінде (Красин көшесінен Пржевальский көшесіне дейін), Красин көшесінде (Белібаев көшесінен темір жол өткеліне дейін) орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған.
Сондай-ақ, Гражданская және Гидростроителей көшелерін грейдерлеу қарастырылған.
Птичник кентінде (Белібаев көшесінен Фабричный көшесіне дейінгі) жол жарықтандырылады.
Ақсай кентінде электрмен жабдықтау желілерін салу жоспарлануда. Қазіргі уақытта әкімдіктің құрылыс бөлімімен жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.
Азат көшесінде жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, биыл Ақсай кенті мен Туристическая көшесінде балалар алаңы, РСУ-да спорт алаңы орнатылады. №38 жалпы орта мектебінде ағымдағы жөндеу жұмыстары және STEM кабинетіне арналған жабдық сатып алу жоспарланған.
Semeyainasy.media
607 всего, 6