Семей. 12.01. “Semeyainasy” – Мемлекет басшысы ұсынған даму бағдарламасы әрбір қазақстандықтың және жалпы елдің тағдырына қатысты көптеген мәселелерге бағытталған. Осы ретте, Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бастамасымен, облыс әкімінің орынбасары – Жумадилов Нуржан Сайлаубекұлының төрағалығымен отырыс өтті. Сұйытылған газ бағасын төмендету бойынша өткізілген жиналысқа Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті директоры орынбасары – Набиев Ринат және газ тасымалдаушы ұйым өкілдері қатысты. Жиналыс барысында басқарма басшысы – Акышов Алмат Талғатұлы жаңа баға саясаты бойынша толық түсініктеме беріп, сұрақтарға жауап берді.
Жиын соңында барлық тараптар облыс көлемінде автокөлік газ бағасын 60 теңгеден (шалғай аудандарда – 65 теңге) асырмау туралы шешім қабылдады.
Айта кетейік, аталған баға 180 күнге дейін сақталады.

Semeyainasy.media

 518 всего,  6 

от Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *