Семей.30.11.”Semeyainasy” – Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде «Кемел елдің кемеңгер көшбасшысы» атты  кітап көрмесі ұйымдастырылды.

«Тәуелсіздік және абайтану» залында ұйымдастырылған кітап көрмесіне мемлекетіміздің Тұңғыш президенті Н.Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында», «Сындарлы он жыл», «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы Дала ұлағаттары», «Тәуелсіздік дәуірі» және т.б. еңбектері қойылған. Сонымен бірге Елбасының өмірі мен қызметі жайындағы Б.Сапаралының «Президенттің балалық шағы», М.Қасымбековтың «Біздің Президент», еңбектері және  Н.Назарбаевтың әр жылдары атқарған жұмыстарының қызметтік хроникалар жинағы, еңбектерінің библиографиялық көрсеткіштері көрмеден орын алды.

Көрмені Семей қаласының зиялы қауым өкілдері мен студенттері тамашалады.

Кітап қорын сақтаушы: Э.Тәңірбергенова

 862 всего,  3 

от Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *