Семей.21.10.SemeyainasyҚала әкімінің айтуынша, биыл 30-дан астам көшені келесі жылы асфальттау үшін дайындау керек.
Семейдің ең өзекті мәселелерінің бірі – жолдар. Қала тұрғындары ұзақ жылдар бойы нашар жолдарға шағымданып келеді. Биыл қалада көшелерді жөндеу жұмыстары басталды. Бірінші кезекте семейліктерден ең көп шағым түсетін көшелер жөнделуде.
Кеше қала әкімі Бақытжан Байахметов Пархоменко көшесіндегі жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын қарап шықты. Бұл бірнеше шақырымға созылған айтарлықтай өте үлкен көшелердің бірі. Алайда мұндағы жолда шұңқырлар мен саз батпақ көп. Тұрғындардың айтуынша, бұл көшеде ешқашан жол техникасы жұмыс істемеген және асфальт болмаған. Бірнеше жылдар бойы тұрғындар көптеген шұңқырларды күлмен толтырып, сол арқылы өтуге мәжбүр болған. Кішкене желдің өзі күлді бүкіл аумаққа шашып, шаңды көтеріп, қосымша қолайсыздықтар туғызады.
–Енді жағдай жақсы жаққа өзгеруі керек. Мердігер компания «Облшығысжол» бұл көшеге қиыршық тас себуді бастады. Осыдан кейін жол құм-қиыршықтас қоспасымен жабылады. Содан кейін топырақ орнағанша күту керек, ал келесі жылы бұл көшеде асфальт пайда болады. Сондай-ақ, көшеде жол жөндеумен қатар жарықтандыру мәселесі де шешілетін болады, – дейді Бақытжан Байахметов.
Жұмыс жалғасуда.
Айя Канатова
«Сенің қалаң, сенің ережелерің» жобасы американдықтардың және
Америка Құрама Штаттарының Халықаралық даму агенттігінің (USAID) көмегі арқасында мүмкін болды және Интерньюстің көмегімен жүзеге асырылды. Сондай-ақ, MediaCAMP Орталық Азия бағдарламасы шеңберінде «Семей қалалық жас журналистер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігімен USAID-тен қаржылық қолдауымен құрылды.
Мазмұнына ҚБ жауап береді, бұл міндетті түрде USAID немесе АҚШ үкіметінің немесе Интерньюстің позициясын білдірмейді. «Семей айнасы» ақпараттық агенттігінің негізін қалаушы ҚБ оның мазмұнына жауап беріп, бұл міндетті түрде USAID немесе АҚШ үкіметінің немесе Интерньюстің позициясын білдірмейді.
974 всего, 15