Семей. 12.07. “Semeyainasy” – Ағымдағы жылдың 30 маусымында Семей қ.ПБ Әуезов ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Семей қаласының 55 жастағы тұрғынының 8 бас ірі қара мал мен 1 бас ұсақ мал ұрлығын әшкереледі.

Күдікті 2021 жылдың 01 мамыры мен 30 маусымы аралығында “Семей-Қарауыл” тас жолының 45-ші шақырымында орналасқан шаруа қожалығынан 68 жастағы жеке кәсіпкерге тиесілі ауыл шаруашылығы жануарларын заңсыз иемденгені анықталды.

Жауап алу барысында ер адам бұл әрекетін мойындады және қараусыз жайылып жүрген ірі қара малды көргенде, оларды иемдену ойының пайда болғанын айтты. Жоспарды жүзеге асыра отырып, ер адам шаруа қожалығына жалпы сомасы 2 400 000 теңгеден астам материалдық залал келтірді. Қазіргі уақытта заттай дәлелдемелер тәркіленіп, иесіне қолхатпен қайтарылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 1-бөлігіне (мал ұрлау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Semeyainasy.media

 1,231 всего,  3 

от Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *