67d8c336-7a40-477d-84b9-8174910c4f53

Семей.15.07.”” – Ұлы Абай Құнанбайұлының 175-жылдығы аясында ұйымдастырылған Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде «Ұлылар мұрасына тағзым» рухани-танымдық экспедициясының қорытындылау рәсімі өтті.

Аталмыш экспедицияға Қызылорда облысының қалалары мен аудандарындағы мектеп мұғалімдері мен оқушыларынан құралған 25 адам қатысты. Олар Абай, Шәкәрім, Мұхтардай даралар туған мекенге келіп, ұлылар рухына тағзым етті.

-Экспедиция мүшелері Семейдегі «Бейбітшілік» аралы, «Алаш арыстары – Мұхтар Әуезов» музейі, облыстық тарихи өлкетану музейі сияқты қаланың көрнекті жерлерімен танысып, Күшікбай бұлағы, Ғазиза бейіті, Бөрілідегі Мұхтар Әуезовтың музей-үйі, Хакім Абайдың туған жері «Сырт-Қасқабұлақ», Ералы жазығындағы «Еңлік-Кебек» кесенесі, Жидебай жеріндегі Абайдың музей-үйі, «Абай-Шәкәрім» мавзолей-кешені, Кеңгірбай би кесенесі, «Қоңыр әулие» үңгірі сынды халқымыздың тарихы мен тағдыры жолындағы үлкен маңызға ие тарихи мекендер мен рухани орындарды аралады, – деді Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің баспасөз хатшысы Қуат Қиықбай.

«Ұлылар мұрасына тағзым» рухани-танымдық экспедициясына арналған шара барысында мұғалімдер мен мектеп оқушылары алған әсерлерімен бөлісіп, Абай, Шәкәрім, Мұхтар шығармаларынан үзінділер оқыды.

Шара соңында Абай мұрасын насихаттауға үлес қосқан экспедиция мүшелеріне Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі мен Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің алғыс хаттары мен сертификаттары табысталды.


Семей қаласының ақпараттық орталығы

 461 всего,  6 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *