IMG-20190330-WA0006

Семей.31.03.”Semeyainasy” – Семейде қала әкімінің жүлдесіне арналған жайдарман ойындары аяқталды. Республикалық деңгейде өткізілген сайысқа жергілікті командалардан бөлек Ақтөбе, Шымкент, Алматы, Арқалық қалаларымен Аягөз ауданынан келген жайдарман топтары қатысты. 4 рет өткізіліп отырған ойынның жүргізушісі “Қазақстан КВН одағының ” президенті болып, қазақ күресінің шебері Айбек Нұғымаров бастаған әділ-қазы алқалары өнерлі жастарға төрелік етті. Ойынды көрермендер қатарында тамашалаған қала басшысы Е. Сәлімов, әзілкештердің өнеріне тәнті болып, Семей халқының жайдарманға деген ерекше ықыласын атап өтті.

Ойын қорытындысы бойынша I орынды Ақтөбелік «Фемида », ІІ орынды — Арқалықтан келген «Ару.kz» командасы, ІІІ орынды — Алматы қаласының «Тeso.kz » құрамасы иеленді. Сонымен қатар, “Фемида” командасы “Үздік әзіл ” номинациясына ие болып ,”Мамырсу мақтаныштары командасының ойыншысы Мағжан Нұрғазин «Үздік ойыншы» атанды. Жеңімпаз командаларға ақшалай сыйлықтар мен арнайы алғыс хаттар берілді.

Семей ақпараттық орталығы

 787 всего,  6 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *