IMG-20190329-WA0014-1

Семей.30.03.”Semeyainasy” – Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов қаланың орталық саябағында  болып, жобалаушылармен және БАҚ өкілдерімен кездесті. Қала басшысы жасыл бұрыштың ауқымды реконструкциялауға ұшырайтынын айтты. Орталық саябақ қала тұрғындары үшін заманауи және жайлы демалыс аймағына айналмақ.

– Біз ағаштарға тимейміз, – деді Ермак Бидахметұлы. – Патологиялық сараптама арқылы кесу жұмыстары ғана жүргізілетін болады.

Жобалаушылар саябақ 4 аймаққа бөлінетінін айтты. Демалыс орнында  амфитеатр, балалар және спорт алаңдары  пайда болады. Саябақ аймағында заманауи субұрқақтар орнатылып,  барлық аумақ жарықдиодты шамдармен қамтамасыз етіледі .

– Саябақта футбол, баскетбол, волейбол және скейт алаңдары пайда болады, – деді жобалау компаниясы басшысының орынбасары Марат Жұмағұлов. – Балалар үшін табиғи материалдардан дайындалатын алаң қарастырылған. Зейнетке шыққан тұрғындар үшін шахмат тақталары мен би алаңы орнатылады.

20190329_125801

– Саябақтың ішіндегі барлық көңіл көтеретін мекемелерді қоршау керек , – деді Е. Сәлімов. – Басты мақсатымыз орталық саябақта алкогольдің болмауы.

Әкім Шәкәрім ескерткіші мен азамат соғысының батыры мемориалы бұрынғы жерлерінде қалатынын атап өтті . Жұмыс таяу күндері басталады. Жоба бойынша демалыс аймағын қалпына келтіру үш айға созылмақ . Жөндеу жұмыстары кезінде орталық саябақ есіктері жабылады.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

Фото: Семей қаласының ақпараттық орталығы

 616 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *