112127

Семей.31.01. “Semeyainasy” – Осыдан біраз уақыт бұрын Елбасы өз жолдауында осы жылды жастар жылы деп жариялау туралы айтқанда күле қарап, күмәнданған жандар жарлыққа қол қойылған күні мүлтіктсіз сенгендері анық. Ал күні кеше ғана Елбасының қатысуымен «НҰР ӘЛЕМ» павилионында  өткен жастар жылының салтанатты ашылу рәсімі барлық жастардың бойына айырықша жігер күшпен сенім силағаны ақиқат. Өз басым осы күнге дейін  әр жылдары Қазақстандағы Өзбекстан жылы, Ассамблея жылы жарияланып, елімізде ауқымды шаруалар атқарылғанына куә болып жүрдім. Олай болса осы жолғы ЖАСТАР ЖЫЛЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР жылы деп, айтуымызға толық негіз бар деп ойлаймын. Себебі жастар жылындағы зор мүмкіндіктерді пайдалана отырып, әр саладағы үздік жастарымыз тың идеялардан бастау алған жаңа жетістіктерге ұмтылары заңдылық.

Семей қаласы бойынша тіркелген 85 000 жастың кемінде 50 пайызынан астамы Жастар жылының шарапатын сезініп, өздерінің игілігіне айналған әлеуметтік лифтіні пайдалана алса деген үмітіміз бар. Біз Жастар жылында Семей қаласы бойынша алулатқан, жалаулатқан науқандық акцияларды мейлінше азайтып, тиісінше жастардың әлеуметтік мәселелерінің оң шешімін табуы үшін жұмыс жасағымыз келеді.  Меніңше, кез-келген проблемалық мәселені шешу үшін, ол мәселені нақты проблема тудыратын мәселе деп мойындауымыз керек.  Өкінішке орай, бес саусақ бірдей емес дегендей 85 000 жастың ішінде: ұйымдаспаған жастар, тәртібінің нашарлығынан құқық қорғау орындарында тіркеуде тұрған жастар, екі бірдей диплом иесі бола тұра, екі қолға бір күрек таппай жүрген жұмыссыз жастар да бар мойындаймыз. Біздің міндет: осы осал жастарды қоғамға қайта тарту мақсатындағы мінсіз қызмет. Мысалы, «Жастар тәжірбиесі», «Дипломмен ауылға», «Бизнестің жол картасы 2020», «7-20-25» мемлекеттік бағдарламаларды жастар арсында кеңінен насихаттап, Елбасымыз ұсынған «Жас сарбаз» еріктілер жобасы аясында жастар арасындағы  еріктілер мен әскери-патриоттық қозғалысын дамытып, құқық бұзушылық деңгейін төмендетуге тырысамыз.

«Жас келсе іске» дейді дана халқымыз. Ендеше, бабалар сөзін растау жолында біздер балалары Егемен елдің ертеңі болып табылатын жастардың жарқын болашағы үшін жұмыла жұмыс жасауға шақырамын!

 

Олжас СОҒЫМБАЙ

Семей қаласының жастар

ресурстық орталығының директоры

 637 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *