Семей.14.01.”Semeyainasy” – Шәкәрім университетінің ұжымы мен Семей қаласының жұртшылығына «Шәкәрім шаңырағы» күйі таныстырылды.
Жоба жұмысына дарынды күйші-композитор Айбек Бекбосынов шақырылды. Ең бастысы, күйші күй арқылы ұлы ойшыл Шәкәрімнің философиялық ілімін қазіргі жас ұрпақ ұғымына сай жеткізе білді.
Күй – қазақ халықының дәстүрлі аспаптық пьесасы. Бастама авторларының айтуы бойынша, университет күйі ата-бабадан қалған бай рухани қазынаны сақтап қана қоймай, оны ары қарай таратуға мүмкіндік береді. Бұл Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласының мақсат-міндеттерінің практикалық тұрғыда іске асқандығының куәсі.
– Оқу орнында жаңа дәстүрлердің туындауы өте маңызды. Шәкәрім университеті Европа мен Азияның жетекші университеттерімен тығыз әріптестік байланыс жасай отыра, мәдениетіміздің басты құндылықтарын әлемге белсенді танытуда. Осы бастама еліміздің басқа да жоғары оқу орындарында жалғасын табады деген сенімдемін, – деп атап өтті университет ректоры Мейір Ескендіров.
Көптеген оқу орындарының өз әнұраны бар екендігі белгілі. Ал университет күйі еліміздің білім беру кеңістігінде алғашқы рет ұсынылып отыр.
ГанибекТусiбек
536 всего, 15