Семей.13.08. “Semeyainasy” – Семей қаласының Жастар ресурстық Орталығының ұйымдастыруымен қаланың Орталық саябағында мерекелік жиын болып өтті. Жиынға келген жастардың қатарында шек жоқ. Жастардан бөлек, үлкен-кішінің барлығы да бас қосыпты.

-Шарамызға Семейдің 100-ге жуық жастары қатысты,-дейді Семей қалалық Жастар ресурстық Орталығының маманы Думан Кенжеғазин,-мәселен, «Домбыра Party» сайысында жастар домбыраның құлағында шебер ойнайтындықтарын байқатты. Қос ішекті ұлттық аспаптың үні Орталық саябақ ішіндегі қарияларға қатты ұнады. Және кішкентай ұл балалар үшін «Асық Party», 1 минут уақыт ішінде қарбыз жеуден жарысқа түскен «Қарбыз Party» жарыстары қала тұрғындарына ерекше серпіліс пен қуаныш әкелді.

«Бауырсақ шоу» интеллектуалдық ойыны әркімді қызықтырды. Бұл жерде қойылған қызықты сұраққа дұрыс жауап берген әрбір жасқа молынан бауырсақ берілді.

  -Шарамызға кішкентай бүлдіршін балалар да келіп қызыға  қатысып жатыр,-деді Жастар ресурстық Орталығының маманы Думан Кенжеғазин,-оларға домбыра тартуды, асық атуды үйреттік. Ұлттық өнерімізді жалғастырушы жас ұрпақтың қатары арта берсін. Балдырғандар сондай-ақ, қарбыз жеп те жарысып, сыйлықтарын алды.

Белсене қатысқан жастарға марапаттар табыс етіліп, кеш соңы көңілді би кешімен жалғасын тапты.

Раушан Нұғманбекова, суреттер автордыкі

 645 всего,  9 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *