a619eadf-f64a-4d92-8d65-7202bbf0261d

Семей.07.08.”Semeyainasy” – Кеше кешкі сағат 20:00 шамасында  қала әкімі Ермак Сәлімов және тағы да басқа құзырлы органдардың өкілдері қоғамдық көліктердің кестеден кешігіп жүруі мен кешке қарай жүрмей қоюуына байланысты рейдке шықты.

Рейд барысында  «Теміржол бекеті» аялдамасына келген көптеген маршруттардың техникалық және санитарлық жағдайлары тексерілді.

Өткендегі тексеріс кезінде жүргізушілер құдды бір оларды толығымен бастан аяқ тексеретінін сезгендей, құжаттары түгел, салонның іші жылан жалағандай тап-таза, уақытылы қызмет көрсетіп жүрген болатын. Алайда осы жолы  барлық дерлік автобустардан бірқатар кемшіліктер анықталып, әрқайсысы қатаң ескерту алды.

ea7e5b9d-e5dd-44b2-808b-a2f75986fdfc

Естеріңізге сала кетейік, біз  осыдан екі апта бұрын жолаушы тасымалдаушы қалалық көліктер түнгі 23:00-ге дейін жұмыс істейтінін  жазған болатынбыз.  Бірақ енді олай болмайтын болып шықты. Нақтырақ айтқанда, Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мекемесінің қызметкерлерінің ұйғарымымен  жолаушылар көлігі  22:00-ге дейін ғана қатынайтын болып шешілді.

 467 всего,  9 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *