image description

Биыл қазақтың тұңғыш ұлттық-демократиялық партиясына 100 жыл толып отыр. Осы датаға орай Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде «Алаш-Семей және Алаш Автономиясы: сабақтастық пен рухани жаңғыру» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Университет ректоры Ш.Құрманбаеваның құттықтауын ҚазИГЗУ-дың ғылым жөніндегі проректоры, заң ғылымдарының докторы Майгүл Матаева жеткізді.

3 тілде өткен пленарлық мәжілісте Майгүл Матаева «Алаш партиясы бағдарламасының жобасы ҚР Конституциясының прообразы» туралы баяндама жасаса, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің тарих ғылымдарының кандидаты М.Каримов «ХХ ғасыр басындағы Шығыс Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай және Алаш қозғалысы жөнінде» айтып өтті. Сонымен қатар филология ғылымдарының кандидаты М.Түйебаев (ҚазГЗИУ) «Алаш идеясының саяси-әлеуметтік мәні», Ш.Сеитова (ҚазГЗИУ) «Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ тілі білімі», А. Бухаева (ҚИУ) «Алаш иедясы және қазіргі заман» туралы баяндады.

Конференцияға қала әкімдігі мен мәдениет орталықтары, музей, қалалық кітапхана қызметкерлері және студенттер қатысты.

Келген қонақтарға конференцияның материалдар жинағы мен Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған «ҚазИГЗУ Хабаршысы» журналы сыйға тартылды.

Асель Қайырбекова

 656 всего,  15 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *