IMG-20171020-WA0012

Семей.20.10. “Semeyainasy” – “Құрылыс колледжі” КМҚК Жастар ұйымының белсенділері Семей қаласының “Қарттар үйінде” қайырымдылық концертін ұйымдастырды.

Аталмыш іс-шараның мақсаты – елімізде жүріп жатқан қайырымдылық акциясы және өткен қарттар күні аясында қарттарға құрмет көрсетіп, оларды назардан тыс қалдырмау. Сондай-ақ, жастардың бойына қайырымдылық қасиетін сіңіру, қоғамда біздің қамқорлығымызға мұқтаж жандар бар екенін олардың естеріне салу, қазыналы қарттарымызды бағалау керек екенін насихаттау.

Колледж өнерпаздары ән салып, би билеп қариялардың көңілінен шығуға барынша тырысып, көңілдерін бір сергітіп тастады.
Концертті ерекше ықыласпен тамашалаған қариялар өз алғыстарын жеткізді. Тіпті, кеш соңында жастармен бірге би билеп, жақсы әсерде қош айтысты.

«Қарттар күніне» орай ұйымдастырлған мерекелік іс-шара әлі де жалғасын табады деген үміттеміз.
Ал қайырымды жастар болса, қарттарға құрмет көрсетуді ұмытпауға, оларға тек мерекелерде ғана емес, жиі келіп тұруға уәде берді.
Кеш соңында мәдени ұйымдастырушы Лариса Григорьевна колледж студенттеріне өз алғысын білдіріп, мадақтамамен марапаттады.

Қайырымдылық — адам жанының нұры. Мұқтаж жандарға қолыңнан келгенше қолдау көрсету әр адамның парызы саналады. Қадірлі істі атқару үшін асып-тасыған қауқар, бақ-дәулеттің болуы міндетті емес, тек ниет болса. Осы ұстанымды ұстанған колледждің белсенді жастары ұйымдасып, “Қайырымдылық айлығы” аясында өткен іс-шара – осының айқын дәлелі.

Раушан Галымова

 509 всего,  18 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *