Семей.03.10. “Semeyainasy” – Бүгін Невзоровтар отбасы атындағы Шығыс-Қазақстан облыстық бейнелеу өнерінің мұражайында Туве Крабоныңбарлық картиналардың ішіндегі ең негізгі бас картина болып саналатын, полигон қасіреті жайлы үн қататын әдемі суретті Швецияның Қазақстандағы елшісі Кристиан Камилл музей директорына салтанатты түрде табыс етті. Швеция елінен келген елшінің айтуынша өз ісінің нағыз хас шебері Туве ханым дәл осы картина Невзоровтар мұражайының төрінде тұрғанын шын жүректен қалап, сіздерге өз қолыммен сыйға тартсын деген аманатын арқалап келгенің тілге тиек етті.
Былтыр бастау алған «Мәдениет арқылы үн қатысу» халықаралық жоба аясында Қазақстанның ең ірі деген 4 қаласындашвед суретшісі Туве Крабоның «Түзелмейтін қателік: алғашқы жарылыс» атты тақырыбында жеке көрмесі өткізілген болатын.Айта кетерлігі біздің шаһарымызда өткен көрме де өте жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көпшіліктің көңілінен шықты деп ауыз толтырып айтуға толық негіз бар.
Жиында сахына төріне шығып сөз алған Невзоровтар отбасы атындағы мұражай басшысы ТатьянаСтромская бұл керемет туынды біздің мұражайдың төрінде жарқырап тұратындығын уәде етіп, тамаша, өте жоғары деңгейде бейнелеп салынған суреттің авторы Туве Крабоға музей қызметкерлері мен қала тұрғындарының атынан шексіз ризашылықтарын білдіріп, шведтік елші арқылы өздерінің ыстық сәлемдерін жолдады.
Картинаның басты ерекшелігі – бейнелі сюжетке құрылған. Ядролық қарусыз әлемге үндейтін суреттің астарында қаншама жан түршігерлік қылмыс пен мұң, өткен күннің ізі жатқаның көруге болады. Суретші өзіндік мінезі бар өнер туындыларын қазіргі замандағы қауіп-қатерлерге жауап ретінде бейнелеп салғандай.
Асель Қайырбекова
Ғанибек Түсіпбек
961 всего, 9