Семей. 29.08.”Semeyainasy” – Семей ядролық сынақ полигоны – адамзат тарихының ең қайғылы беттерінің бірі болып саналады. Бұл күнді ешкім де, ешқашан ұмытқан емес. Олай дейтін себебіміз, сынақ полигонында жүргізілген жарылыстардың салдарынан талай адам зардап шегіп, көбісі мәңгі жазылмайтын түрлі дертке шалдықты.
Бірақ қазіргі таңда барлығы оңалып, қазақ елі бейбітшілікте өмір сүріп жатыр. Еліміз тәуелсіздігін ала салысымен, яғни 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылды.
Міне, сол күннен бастап жыл сайын осы бір күнді Семей жұртшылығы кең көлемде атап өтеді. Бүгін де бұл үрдіс жалғасын тауып, 10 мыңға жуық семейліктердің қатысуымен «Бейбітшілк акциясы» болып өтті.
Тағылымды шара барысында «Өлімнен де күшті» деп аталатын ескерткішке гүл шоқтары қойылып, барша жиналған қауым көпшілікке үлкен қасіретті әкелген полигон құрбадарын бір минут үнсіздікпен еске алды.
Ғанибек Түсіпбек
7,810 всего, 3