Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Амантай Өтелбаев көмірді жазда сатып алу керектігін мәлім етті. Ол семейліктердің жеке үйлеріне қатты отынды жеткізу бойынша делдалдардың қатысуын болдырмау үшін кешенді шаралар жасалғанын хабарлады. Атап айтқанда, көмір сату жүргізілетін үш орында оны алдын- ала жасалған тізімдер бойынша сатып алуға болады.

Көмір тиеумен «Жігер» ЖШС айналысады. Оның қала бойынша үш орны белгіленген. Олар: ​ 72 квартал ауданында, Знаменка трассасында және Шығыс (Восточный) кентіндегі 6 саяжай ауданында. Мұнда кез-келген адам өтініш жасай алады.

-​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Сонымен қатар, барлық дербес бөлімдерге, барлық мекемелерге жеке үйлерде тұратын барлық адамдардың тізімдерін құрып, тұрғындардың қажеттілігін анықтау тапсырмасы берілді, – деп хабарлады бөлім басшысы.

Қазіргі уақытта Семейде көмірдің бір тоннасының құны 7400 теңгені құрайды. Сонымен қатар, ​ қосымша көлік шығыны да бар, – деп нақтылады Амантай Өтелбаев.

Бөлім басшысы барлық әлеуметтік мекемелер бекітілген кестеге сәйкес антрацит алатынын айтты және жеке сектордың тұрғындарын көмірді алдын-ала сатып алуға шақырды.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

 792 всего,  6 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *