
Семей.11.10. “Semeyainasy” – Биылғы жылдың қараша айынан бастап жылу бағасы 7,5 пайызға көтерілмек, яғни қымбаттау арқылы коммуналдық кәсіпорын шығын шұңқырынан шықпақ. Бұл туралы қала басшысынын орынбасары Николай Ушаков баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Жаңа тариф табиғи монополияларды реттеу агенттігімен расталған. Қала әкімінің орынбасары Николай Ушаков бүгін тарифтік тапшылық бар екендігі жөнінде ескере өтті. «Тарифтік тапшылықтың бір бөлігі республикалық бюджет есебінен жабылады, яғни жыл сайын тапшылықты өтеуге қаражат бөленіп отырады. Бүгінгі күні біздің кәсіпорын қалпына келтірілуден шыққан, ол пайдасыз болмауы керек, олардың тарифі берілген қызметке сәйкес келуі керек. Егерде бүгін тарифті көтермесек, бұл кәсіпорын қайтадан қарызға батпақ».
Асель Қайырбекова
870 всего, 6